Жаңалықтар

Механцева Ирина Викторовна философия докторы (PhD) дәрежесін қорғауды аяқтады.
Механцева Ирина Викторовна философия докторы (PhD) дәрежесін қорғауды аяқтады.
29 November 2024

2024 жылдың 27 қарашасында сағат 13:00-де «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ базасында Механцева Ирина Викторовнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «COVID-19 кейінгі ерте және кеш мерзімдегі өлім-жітімді болжаудағы иммундық жауап және эндотелиальды дисфункция маркерлері» тақырыбында 8D10100 – Медицина білім беру бағдарламасы бойынша диссертациясын қорғауы өтті.

Типтік диссертациялық кеңес ережесіне сәйкес, отырысқа уақытша диссертациялық кеңес мүшелері қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының жетекші мамандары бар:

  • д.м.н., Ресей Денсаулық сақтау министрлігі И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ-дың клиникалық иммунология және аллергология кафедрасының профессоры (Мәскеу қ.), Калюжин Олег Витальевич;
  • PhD, «Семей медицина университеті» КеАҚ ғылыми-зерттеу зертханасының бас ғылыми қызметкері, Масабаева Меруерт Равильевна (Семей қ.);
  • PhD, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің проректорының міндетін атқарушы, Фахрадиев Ильдар Рафисович (Алматы қ.).

Ғылыми кеңесшілер:

  • Тұрғынова Людмила Геннадьевна, д.м.н., «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ ішкі аурулар кафедрасының профессоры (Қарағанды, Қазақстан);
  • Ахмалтдинова Людмила Леонидовна, м.ғ.к., доцент, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ (Қарағанды, Қазақстан);
  • Костинов Михаил Петрович, д.м.н., Ресей Денсаулық сақтау министрлігі И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ-дың эпидемиология және заманауи вакцинация технологиялары кафедрасының профессоры (Мәскеу қ., РФ).

Жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша, диссертациялық кеңес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы ұсыныс жасады.

Диссертациялық кеңес докторант пен ғылыми кеңесшілерді сәтті қорғауымен құттықтап, болашақта табыс тілейді!

Стабаева Лейла Медебаевна,
диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, PhD.



515

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026