Жаңалықтар

Медициналық оңалтудағы биореттеу тәсілдері
Медициналық оңалтудағы биореттеу тәсілдері
19 November 2025
2025 жылдың 13-14 қарашасында Астана медициналық университетінде «Оңалту және спорттық медицинадағы заманауи үрдістер» атты 2-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға отандық және халықаралық медициналық ұйымдардың өкілдері мен денсаулық сақтау мамандары қатысты. Қарағанды медициналық университетін медицина ғылымдарының докторы, профессор Т.Т. Киспаева «Медициналық оңалтудағы биореттеу тәсілдері: мүмкіндіктері мен болашағы» тақырыбында баяндама жасап, биореттеу медицинасы тұрғысынан пациенттердің денсаулығына заманауи медицинадағы жаңа тәсілдерді атап өтті.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында жас ғалымдарға арналған байқау өтті. Медицина мектебінің үшінші курс докторанты М.С. Әмірбекова «Робототерапияның инсульттан кейінгі психоэмоционалды фон мен жоғарғы аяқтың функционалды қалпына келуі арасындағы байланысқа әсері» тақырыбында өз жұмыстарын ұсынды (жетекшісі профессор Т.Т. Киспаева).
«Жас ғалымдар» байқауының қазылар алқасы өзектілік, ғылыми жаңалық, әдіснама және практикалық маңыздылық критерийлеріне, сондай-ақ презентация дизайны мен стиліне сүйене отырып, ұсынылған жұмысты («Робототерапияның инсульттан кейінгі психоэмоционалды фон мен жоғарғы аяқтың функционалды қалпына келуі арасындағы байланысқа әсері») жоғары бағалады», баяндамашы М.С. Әмірбекова, ғылыми жетекшісі профессор Т.Т. Киспаева), байқауға қатысушылар арасында бірінші орын иегерлерін анықтады.
240

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026