Жаңалықтар

«Медициналық эмбриологияның заманауи аспектілері»
«Медициналық эмбриологияның заманауи аспектілері»
9 April 2025

Медициналық эмбриологияның заманауи аспектілері»

ҚМУ-де «Медициналық эмбриологияның заманауи аспектілері» - халықаралық ғылыми студенттік онлайн-конференция өтті. КеАҚ «ҚМУ» морфология кафедрасы ғылыми форумның тең ұйымдастырушысы ретінде атсалысты.

Конференцияда 11 ауызша және 13 стендтік баяндама жасалды.

Жүлделі орындар келесідей:

Ауызша баяндамалар:
І орын:

- «Жасанды ұрықтандыру технологиялары жағдайында жүрек эмбриогенезі: мүмкін қауіптер және оларды азайту жолдары» – Ниязбек Т., 2032 М. Ғылыми жетекшісі – проф. Жанайдарова Г.У.;

- «Жасушалық терапия және регенеративті медицина: бедеулікті емдеудегі мүмкіндіктер» – Құрманғазықызы Ш., 2009 М. Ғылыми жетекшісі – проф. Нурсейтова К.Т.

ІІ орын:

- «Репродуктивтік технологиялар бүгінде және болашақта» – Егембердиева Д. және Бакир А., 1038 М. Ғылыми жетекшісі – асс. профессор Берікбаева Б.Х.;

- «ЭКҰ бағдарламаларындағы адам эмбриондарының сапасын бағалау» – Варшавский Д., Яхно Л., 1015 ПЕД. Ғылыми жетекшісі – проф. Жанайдарова Г.У.

ІІІ орын:

-        «Заманауи әлемдік репродуктивтік технологиялар» – Байдалы А., 2022 М және Жамалбек Д., 3015 М. Ғылыми жетекшісі – доц. Есимова Р.Ж.

Стендтік баяндамалар:
І орын:

-        «Қазақстандағы бедеулікті емдеу тәжірибесі» – Аюханова А., 1037 М. Ғылыми жетекшісі – проф. Жанайдарова Г.У.

ІІ орын:

-        «Криоконсервация әсерлерінің эмбриондардың морфологиялық ерекшеліктеріне ықпалы» – Байғонысқызы Дәмелі, 2032 М. Ғылыми жетекшісі – проф. Жанайдарова Г.У.;

-        «Ерлер бедеулігінің себептері және оны меңгеру әдістері» – Исагулова Д., Ихиева С., 1045 М. Ғылыми жетекшісі – асс. профессор Берікбаева Б.Х.

ІІІ орын:

-        «Суррогат аналардың құқықтық ерекшеліктері» – Назарец И., 1017 ПЕД. Ғылыми жетекшісі – асс. профессор Берікбаева Б.Х.

Конференцияны «Омбы мемлекеттік медицина университеті» ФМББМ гистология, цитология және эмбриология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Виктор Александрович Акулинин және КеАҚ «ҚМУ» морфология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Галина Уразовна Жанайдарова басқарды.

Конференцияға Тәжікстаннан «Тәжікстан медициналық-әлеуметтік институты» ЖОО-ның «Гистология» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент – Сохибова Зуфнуна Назировна және аталмыш ЖОО-ның жалпы медицина және стоматология факультеттерінің 2 курс студенттері қатысты.

Конференцияға дайындалу және қатысу студенттерге ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу және халықаралық аудитория алдында сөйлеу бойынша құнды тәжірибе алуға мүмкіндік берді.

   

 

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026