Жаңалықтар

«Медициналық білім беру мен ғылымдағы зияткерлік технологиялар: инновациялық тәсілдер
«Медициналық білім беру мен ғылымдағы зияткерлік технологиялар: инновациялық тәсілдер
8 May 2025
2025 жылғы 25 сәуірде Қарағанды медицина университетінің 2-курс педиатрия резиденттері Рахимбаева Айгерім мен Зиятдинова Меруерт Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласында өткен жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық қатысумен өткізілген ХХ (мерейтойлық) ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Конференция тақырыбы: «Медициналық білім беру мен ғылымдағы зияткерлік технологиялар: инновациялық тәсілдер».

Рахимбаева Айгерім «Балалар жасындағы вакцинация мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, ал Зиятдинова Меруерт «Паллиативті көмекке мұқтаж балалар санаты» тақырыбында сөз сөйледі. Екі баяндама да қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, біздің резиденттер тиісінше II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Конференцияға қатысу педиатрия және неонатология кафедрасы атынан, ғылыми жетекшісі — медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, асс.профессор Жұмақанова К.С. басшылығымен жүзеге асты.



330

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026