Жаңалықтар

Медицина мектебінің түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті
Медицина мектебінің түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті
14 July 2025

Медицина мектебінің түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрында Қарағанды медицина университетінің медицина мектебі бакалавриаты түлектеріне салтанатты түрде дипломдар табысталды. Аталған шараға 5 курс бойынша 356 студент және қысқартылған оқу түрі бойынша білім алған 4 курстың 37 студенті қатысты. Оқу нәтижелері бойынша 22 түлек үздік дипломмен марапатталды.



Салтанатты рәсім аясында университеттің әскери кафедрасында оқып, медициналық қызметтің запастағы лейтенанты және запастағы лейтенант атағын алған түлектерге погондар табысталды. Бұл - олардың кәсіби және азаматтық жауапкершілігінің дәлелі.



Түлектерді алғашқы кәсіби қадамдарымен университеттің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Төлеубеков Қ.Қ., медицина мектебінің деканы Омарқұлов Б.К., сондай-ақ университеттің құрметті оқытушылары мен профессорлары құттықтады.



Медицина мектебі барша түлектерді шын жүректен құттықтап, алдағы оқуында, ғылыми ізденістерінде және кәсіби жолында сәттілік тілейді!



547

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026