Жаңалықтар

Медицинаға бойлау: мектеп оқушылары ҚМУ-дың Симуляциялық технологиялар орталығы мен анатомиялық музейіне барды
Медицинаға бойлау: мектеп оқушылары ҚМУ-дың Симуляциялық технологиялар орталығы мен анатомиялық музейіне барды
8 December 2025

Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті талап ететін маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, білімділігіне сүйену керек. Осы негізде медицина саласының маманы болсам деген мақсатта келген симуляциялық және білім беру технологиялары орталығында және анатомиялық мұражайда ЖШС «Samga High School» Қарағанды қаласы, ОШ им.Бауыржана Момышулы г.Караганда, ТОО «Dostyq School Aqtau» г.Актау., ОФ «Өркен-ниет Тараз қаласы., оқушыларымен экскурсия өткізілді. Тәжірибелік дағдылардың жаттықтырушылары Мухаметжанова Рита Ахметкалиевна, Евлоева Роза Нурекешова Роза Жайбергеновна, Рахимберлина Забира Измухановна, Идрисова Гулден Камиевна, Тимахович Марина Владимировна, Сапалиди Евгения Владимировна экскурсия барысында оқушыларды жоғары технологиялық тренажерлармен тәжірибелік дағдылар орталығымен таныстырды және арнайы манекендерде қатты сырқаттану мен жарақат алу кезінде алғашқы көмек көрсетуді көрсетті жарақаттар, күйіктер, үсік және таңулар салдарынан қан кетулер, операцияға дейінгі кезеңдер бойынша практикалық сабақтар өткізілді және операциялық мейірбикенің таңу үстелдері мен хирургтің аспаптық үстелі көрсетілді. Бұдан басқа, оқушылар қан кетуді тоқтату, операция кезінде зақымданған тіндердің бүтіндігін қалпына келтіруді дербес пысықтады. Онда болашақ түлектерге жарақаттанудың алдын алу және дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, сондай-ақ операция алдындағы кезеңдер мен пациентті операцияға дайындау және егу техникасы туралы практикалық дәрістер оқылды.



Сондай-ақ, морфология кафедрасының оқытушылары Бақбаева Әйгерім Төлегенқызы, Тулеуова Гульхан Кайырбаевна, Атшабарова Сауле Шаймуратовна оқушыларды анатомиялық мұражаймен таныстырды. Анатомиялық мұражайда оқушылар туа біткен патологиясы бар экспонаттарға, анэнцефалия жағдайына (бас миының туа біткен жеткіліксіздігі), жаңа туған нәрестелерге, сиам егіздеріне және ежелгі әдіспен бальзамдалған мумияларға ерекше көңіл бөлді.


Сондай-ақ, Оспанова Айгулим Калкеновна өз кезегінде Қарағанды медицина университеті - денсаулық сақтау жүйесі үшін білікті кадрларды даярлау үшін медициналық университет екенін, білім беру, ғылыми, емдеу-диагностикалық қызметтерді ұсынуда жоғары беделге ие екенін, қазіргі уақытта университет мамандарды көп деңгейлі даярлауды ұсынып отырғанын атап өтті (бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура және қосымша білім), сондай-ақ талапкерлерді қабылдау олардың өтінімдері және нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілген сертификат баллдарына сәйкес жүзеге асырылады. Кері байланыс негізінде экскурсия аяқталды немесе талапкерлер оқуға түсу кезіндегі мақсатты балл, білім беру бағдарламалары мен академиялық ұтқырлық туралы бейнероликтерді көрсете отырып, оларға қажетті ақпаратты ұсынды, ал оқушылардың медицина саласына деген ұмтылысы өсті, олардың қызығушылығы артты, сондай-ақ олар біздің университетке түсуге ниет білдірді. Оқушылар осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Мансапты дамыту орталығына алғыстарын білдірді.

228

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026