Жаңалықтар

Medical Global Forum (MGF 2025) және Winder TOM 2025 – медицина ғылымының болашағы мен студенттердің ынтымақтастығы
Medical Global Forum (MGF 2025) және Winder  TOM 2025 – медицина ғылымының болашағы мен студенттердің ынтымақтастығы
1 December 2025
28–30 қараша аралығында Қарағанды медицина университетінің 75 жылдық мерейтойына арналған ұлттық ғылыми конференция «Медициналық жаһандық форум (MGF 2025)», және Қазақстан медициналық жастар ұйымының (KazMSA) жыл сайынғы «Winder TOM 2025» кездесуі өтті.
KazMSA Қарағанды жергілікті комитетінің ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан келген KazMSA жергілікті комитеттерінің өкілдері қатысты. Қатысушылар тәжірибе, білім және идеялар алмасуға арналған ортақ алаңда тәжірибе алмасып, практикалық сессияларға қатысты.
Ғылыми конференция барысында Қарағанды медицина университетінің оқытушылары жас медицина мамандарының ғылыми жұмыстарын бағалап, өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.


Конференцияның ашылу салтанатында университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Кошерова Бақыт Нұрғалиқызы барлық қатысушыларды құттықтап, олардың ғылыми еңбектеріне табыс тіледі. Сондай-ақ «KazMSA» президентінің міндетін атқарушы Бейғали Сымбат өз құттықтау сөзін жолдап, қатысушыларға сәттілік пен жаңа жетістіктерге жетуді тіледі.


Бағдарламаның негізгі кезеңдері: Қатысушыларды тіркеу және бірінші пленарлық отырыс, Іс-шаралар жәрмеңкесі, ғылыми-зерттеу жәрмеңкесі, тұрақты комитеттердің отырыстары, комитеттер жұмысының жалғасы, қорытынды пленарлық отырыс, нәтижелерді шығару және жабылу рәсімі.
MGF 2025 және Winder TOM 2025 іс-шаралары Қазақстандағы медицина ғылымын ілгерілетуге, сондай-ақ жас мамандар арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға маңызды қадам болды. Бұл форумдар жас зерттеушілер мен студенттерге тәжірибе алмасуға, жаңа білім мен дағдыларды игеруге, сондай-ақ ғылыми және практикалық байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.
Қарағанды медицина университеті жас медицина қызметкерлерін даярлауда зор үлес қосып, болашақ мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсетті.
15134

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026