Жаңалықтар
«Мәңгілік жаса, қыран елім - Қазақстан!»
24 October 2025
22 қазан күні Қарағанды медицина университетінде еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім - Қазақстан!» атты салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті.Іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, еңбек ардагерлері мен студенттер қатысып, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның тарихи маңызын және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуындағы маңыздылығын айқындады.
Салтанатты бөлім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.
.png)
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының ассистент-профессоры Мұхатаева Гаухар Абзалқызы Республика күніне арналған баяндама жасап, өз сөзінде 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесінің қайта берілгенін және бұл күннің ел тарихындағы айрықша маңыздылығын атап өтті.
Қарағанды медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы ұжымды мерекемен құттықтап, оқу орнының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Өз сөзінде Республика күні – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің негізін айқындайтын, мемлекеттік маңызы зор тарихи күн екенін ерекше атап өтті.
Университеттің директорлар кеңесінің төрағасы Ермекбаев Қанат Қартайұлы бұл күннің Тәуелсіздікке бастар алғашқы қадам екенін атап өтіп, елде жүргізіліп жатқан реформалар мен жаңғырудың жетістіктеріне тоқталды. Сондай-ақ ол қатысушыларды бірлік пен отансүйгіштік рухын нығайтуға, Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін жауапкершілікпен еңбек етуге шақырды.
.png)
.png)
Мерекелік концертте университеттің шығармашылық ұжымдары мен талантты студенттері көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. «Жігер» ұлттық аспаптар ансамблінің орындауында «Әлқиса» күйі мен Вокал үйірмесінің мүшелері «Атамекен», «Мекенім – Қазақстан», «Желкілдек», «Рахмет саған, туған ел!», «Моя земля», «Көк тудың желбірегені» әндерін шеберлікпен орындады. Сонымен қатар, «Жыр жауһар» поэзия үйірмесінің әдеби-сазды композициясы мен «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблінің «Достық» биі көрерменнің зор қошеметіне бөленіп, Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін нығайтты.
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
31.03.2026
Жарияланды:
30.03.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026