Жаңалықтар

«Мәңгілік мұра: Нұрғиса Тілендиевке тағзым»
«Мәңгілік мұра: Нұрғиса Тілендиевке тағзым»
10 April 2025

   «Мәңгілік мұра: Нұрғиса Тілендиевке тағзым»

 2025 жылдың 08 сәуір күні, Стоматология мектебінің профессоры Жанар Габитовна Танкибаева мен ассистент профессоры Кулжахан Абдрешовнаның жетекшілігімен, 4-001 топтың білім алушылары К.С. Станиславский атындағы облыстық орыс драма театрында өткен, Қазақстанның еңбек сіңірген дирижері Нұрғиса Тілендиновтың 100 жылдық мерейтойына арналған "Ақ құсым" концертінің көрермендері болды.   

  Концертте дарынды қазақстандық дирижерлер: Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай, Н. Тілендиев атындағы дирижерлер байқауының бас жүлдегерлері - Әбілқайыр Сағымбаев, Дәурен Ғылымов, Ерболат Ахмедияров, Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері Мәдениет үздігі Ерлан Бақтыгерей және оркестрдің көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абуғалисын Шоқанбаев өнер көрсетті.

   Концертте әйгілі композитордың "Аққу", "Қарлығашым", "Ақ құсым", "Қайран менің жүрегім", "Өз елім", "Құстар әні"сынды шығармалары орындалды. Концерт "Махамбет" классикалық күйін орындаумен аяқталды.

             Біз, дарынды қазақстандық орындаушылармен бірге қазақ музыкасы әлеміне еніп, ұлы композитор мен дирижердің шығармашылығын тамашалаудан үлкен рахат алдық.

   

Стоматология мектебінің 4-001 топтың білім алушысы                Әлімқұлова Д.Ә.

419

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026