Жаңалықтар
2023 жылғы 6 қарашада денсаулық сақтаудың көрнекті ұйымдастырушысы, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері, Қарағанды мемлекеттік медицина институтының негізін қалаушы Петр Моисеевич Поспеловтың туғанына 120 жыл толуына орай Басқарма Төрағасы-Ректор, профессор-оқытушылар құрамы және ЖОО студенттері оқу корпусының ғимаратында оның құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, ұлы тұлғаны еске алды. Сондай-ақ ескі Михайловский зиратының аумағында орналасқан оның қабіріне де барып келді.
Университет ректоры Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетова Петр Моисеевич Поспеловтың Орталық Қазақстанның ғана емес, бүкіл елдің денсаулық сақтау және медициналық білім беру тарихына қосқан үлесінің зор маңызын атап өтті.
Мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімінде университеттің тарихи мұрасын ұқыпты сақтайтын, әріптестерімен бірге ҚММИ негізін қалаушы Петр Моисеевич Поспеловке арналған мұражай құрған ЖОО музейінің меңгерушісі Наиля Фуатбековна Сайфулина сөз сөйледі.