Жаңалықтар

Өлкетану викторинасы – «Сен Қарағандыны білесің бе?»
Өлкетану викторинасы – «Сен Қарағандыны білесің бе?»
18 November 2025
2025 жылдығ 7 қарашасында «Тарихи өлкетану» үйірмесінің кезекті отырысы өтті. Бұл жолы біз студенттердің туған қаласын және оның даму тарихын қаншалықты білетінін тексеруді жөн көрдік!
Өңіріміздің тарихы мен өлке тарихы бойынша зияткерлік ойын өткізу идеясын «Болашақ» академиясының белгілі тарихы - өлкетанушы Әлия Үкіжанқызы Илясова ұсынған болатын. Әріптесіміз үйірме отырысында «Сен Қарағандыны білесің бе?» тақырыбында өлкетану викторинасын жүргізді. Өз академиясының ИН-21-1 тобының студенті Эльдар Васильевпен бірге, тарихи тақырыптағы күйлерді домбырамен орындап, олардың шығу тарихын айтып берді. Осылайша, ойынның кезеңдері арасында «Ерке Сылқым», «Адай» және басқа да атақты күйлер орындалып, ду қол шапалақпен қарсы алып отырдық.



Әлия Үкіжанқызы мен Эльдар бізге экраннан Қарағандының белгілі сәулет орындарының фотасуреттерін көрсеттіп, біз олардың атын атап, қала тарихындағы белгілі оқиғалардың күндерін болжауға тура келді.
Ойын барысында біз тарих пен өлкетану туралы көптеген қызықты мәліметтер алдық. Ең жоғары ұпай жинаған команда ұйымдастырушы атыннан сыйлықтарға ие болды – әрқайсысына Әбілқайыр хан бейнеленген коллекциялық монета мен Қарағанды көрінісі бар ашық хаттар табыс етілді!
Команданың басқа мүшелері де ренжіген жоқ – олар да қаламыздың көшелері мен әдемі ғимараттары бейнеленген ашық хаттарға ие болды! Бүгінгі кездесуге қатысушылардың айтуынша, уақытымызды жақсы өткіздік.
Бұл көңілді білім беретін және шабыттандыратын үйірме кештерін дәл осылай өткізгенді ұнатамыз!
Кездесу соңында «Болашақ» академиясынан келген қонақтарымызға, студенттерімізге кафедра меңгерушісі С.А. Никифорованы қолы қойылған Сертификаттар табысталды.
Келесі кездесуге дейін!
Тарихи өлкетану үйірмесінің басшысы: А. Баймұрат.
Тарихи өлкетану үйірмесінің жетекшісі: А.Б. Долгополов.

326

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026