Жаңалықтар

Конференция алдындағы мастер-класс
Конференция алдындағы мастер-класс
3 June 2025

Конференция алдындағы мастер-класс

   Қарағанды медицина университетінің 75 жылдық мерейтойына арналған «Медициналық білім 4.0: Жаһандық трендтер және локалды шешімдер» атты VII Орта Азиялық халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қарсаңында студенттер мен оқытушыларға арналған тәжірибеге бағытталған мастер-класс ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында университеттің серіктестері мен демеушілері заманауи медициналық технологияларды, инновациялық жабдықтарды және білім беру үдерісінде қолданылатын оқу шешімдерін таныстырды. Қатысушылар ұсынылған өнімдермен танысып, практика жүзінде көріп, қызықтырған сұрақтарын қойып, ақпарат алмасты.

Мұндай форматтағы іс-шаралар білім беру мен кәсіби орта арасындағы байланысты нығайтып, бәсекеге қабілетті медициналық мамандарды даярлауға серпін береді.



674

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026