Жаңалықтар

«Клиникалық ойындар: билік + ақша: болашақ дәрігерлер экономикалық сценарийлерге қалай диагноз қояды»
«Клиникалық ойындар: билік + ақша: болашақ дәрігерлер экономикалық сценарийлерге қалай диагноз қояды»
22 October 2025
2025 жылдың 16 қазанында халықаралық факультетте «Медицина» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері мен «Медицина» Казань бірлескен білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерін біріктірген жарқын әрі әсерлі іс-шара өтті. Бұл студенттер «Саясаттану» және «Экономика» пәндерін меңгеріп жатыр. «Саяси-экономикалық хакатон: Power & Money — билік пен капиталдың үйлесімі» деп аталған ерекше іс-шараны Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы ұйымдастырды. Аталған кафедра көптілді интерактивті сабақтар өткізуді дәстүрге айналдырған.
Шараның басты ерекшелігі оның бірегей форматында болды: алдымен қатысушылар билік пен экономиканың байланысын зерттейтін ағылшын тіліндегі түпнұсқалық баяндамаларды ұсынды.
Содан кейін кездейсоқ жеребе әдісімен студенттер бес шығармашылық топқа бөлінді, оларға дәстүрлі емес жағдайларды шешу, күрделі экономикалық және саяси сценарийлерді модельдеу тапсырылды. Әрбір команда билік пен ақшаның өзара байланысын терең талдауды талап ететін тапсырма алды.



Мұндай тапсырмалар болашақ мамандарға қазіргі әлемдік үрдістерді жақсы түсінуге және өз қабілеттерін ерекше ойын форматында көрсетуге мүмкіндік берді. Айта кетерлігі, іс-шара қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде білім алатын студенттердің қатысуымен өтті. Бұл көптілді тәсіл ойлау икемділігін дамытуға және түрлі тілдік топтар арасындағы белсенді қарым-қатынас орнатуға ықпал етті.
Халықаралық кәсіби ортада еркін бағдарлану қабілеті Қарағанды медицина университеті түлектерінің табысты болуындағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Кейстерді өздігінен шешу барысында студенттер шығармашылық тұрғыдан ойлап, ерекше идеялар ұсынып, жаңа жағдайларға тез бейімделе алатынын көрсетті.
Осындай қабілеттер — қазіргі тез өзгеретін заманда жұмыс істейтін кәсіби мамандар үшін аса қажет дағдылар.
Бұл іс-шараның модераторлары кафедра оқытушылары: PhD, Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының қауымдастырылған профессоры Битенова Бағдат Сәбитқызы, Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының профессор ассистенті Джакупова Динара Ермекқызы.



1033

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026