Жаңалықтар
Ғимараттың құлауы. Зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету» тақырыбында өткен «Кідіріссіз жағдайлар аумағы» байқауының есебі.
2025 жылдың 7 ақпанында Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығында 1-3 жыл оқитын резиденттердің арасында «Кідіріссіз жағдай аумағы» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Сценарий бойынша резиденттер тұрмыстық газдың жарылу себебінен болған апаттық жағдайда, яғни ғимарат құлаған кезде үйінді астында қалған зардап шеккен науқастарға көмек көрсетуі керек.
Байқауға барлық мамандықтардан 40 резидент қатысып, 5 резиденттен тұратын 8 топ құрылды. Сценарий мазмұны бойынша кома кезіндегі науқасқа кідіріссіз көмек көрсету, баланың бұғанасы сынған кезде, ұзақ уақыт бойы үйінді астында қалған адамның қысылу синдромы кезінде, баланың клиникалық өлімі кезінде және тағыда басқа жағдайларда кідіріссіз көмек көрсетуді талап ететін жағдайлар келтірілді. Резиденттердің біліміне баға беріп, әділ қазылық ету үшін практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері, атап айтсақ ШЖҚ-ғы «Профессор Х.Ж.Макажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК травматология бөлімінің меңгерушісі, травматолог-ортопед Зкенов Куаныш Игенұлы; Қарағанды облысы ТМЖ «Апаттар медицинасы орталығының» дәрігері Кудайбергенов Ерген Бакытулы, Қарағанды облысы ТМЖ «Апаттар медицинасы орталығының» фельшері Жумабеков Айдын Кайыржанулы; ЖМК, анестезиология және реаниматология кафедрасының ассистент-профессоры Тулеуова Гулимжан Куаткызы; мейіргерлік білім беру мектебінің ассистент-профессоры Седач Ника Николаевна; ҚМУ КеАҚ педиатрия және неонатология кафедрасының профессоры, м.ғ.к., жоғары біліктілік санатты педиатр дәрігері Галина Георгиевна Еремичева қатысты.
.png)
«Кідіріссіз жағдайлар аумағы» аяқталғаннан кейін СББТО меңгерушісі мен әділқазылар резиденттермен кері байланыс орнатып, дебрифинг өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған резиденттер 1,2,3 дәрежелі сертификаттармен марапатталды.
1 орын- Махамбетова Айгерим, Балтабаев Арман, Чориева Амина , Раимбердин
Марат, Айшуак Кенжемергенов. 2 орын - Аубакиров Бахтияр, Сарыбай Маржан, Изтлеуова Гульден, Алпысбаева Илана,Койшын Молдир.3 орын – Сагынбаева Гаухар, Абдулова Карина, Адамбай Аида, Зенова Карамат,
Мукупов Досжан. Практикалық дағдылар жаттықтырушылары Тимахович М.В. Нурекешова Р.Р Сапалиди Е.В.