Жаңалықтар
2023 жылғы 20-23 маусым аралығында «Оқу және ғылыми үдерістегі цифрлық технологиялармен жұмыс тәжірибесі» мастер-класын өткізу үшін екіжақты шарт пен ынтымақтастық туралы келісім жасасу шеңберінде «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-на Омбы мемлекеттік медицина университетінің гистология, цитология және эмбриология кафедрасының оқытушысы Д.Б. Авдеев шақырылды. Баяндамада сандық технологияларды ең алдымен шеберлікпен қолдана отырып, мұғалімге көмектесетін құрал екендігін және материалды түсінуді жеңілдететініне баса назар аударылды.
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ басшылығы Омбы мемлекеттік медицина университетінің ректоры М.А. Ливзанға (РФ Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор), Омбы мемлекеттік медицина университетінің гистология, цитология және эмбриология кафедрасының меңгерушісі Акулинин Виктор Александровичке (медицина ғылымдарының докторы, профессор), Омбы мемлекеттік медицина университетінің гистология, цитология және эмбриология кафедрасының оқытушысы Д.Б. Авдеевке халықаралық қатынастар мен өзара іс-қимылдарды дамыту және қолдау үшін алғысын білдіреді.