Жаңалықтар

Кезекті сәтті қорғау!
Кезекті сәтті қорғау!
21 November 2025
2025 жылғы 19 қарашада «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ – да философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Сервис-дизайн тәсілдемесі арқылы пациентке және студентке бағытталған мейіргерлік практиканы жетілдіру» тақырыбында Садуева Феруза Хайдаралиевнаның диссертациясын қорғау бойынша «8D10101-Мейіргер ғылымы» білім беру бағдарламасы бойынша Диссертациялық Кеңестің отырысы өтті. Ғылыми кеңесшілер: Омаркулов Бауыржан Каденұлы - медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ медицина мектебінің деканы, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы; Johanna Heikkilä – PhD, доцент, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия Республикасы; Istomina Natalja - PhD, профессор, Вильнюс университетінің медицина факультеті, Литва.
Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша диссертациялық кеңес ҚР ЖБҒМ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы өтініш білдірді. Диссертациялық Кеңес докторант пен ғылыми кеңесшілерді табысты қорғаумен құттықтайды және одан әрі табыс тілейді!
235

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026