Жаңалықтар
«Karaganda Simulation Team» «ФиджиталКвест-2025» олимпиадасында
29 September 2025
«ФиджиталКвест-2025» олимпиадасы бұл- цифрлық технологияларды (VR/XR) және нақты медициналық симуляторларды үйлестіре отырып, болашақ дәрігерлерге арналған бірегей білім беру шарасы. Мұндай форматтағы іс-шаралар студенттерге клиникалық дағдыларын қауіпсіз, шынайы жағдайға барынша жақын ортада шыңдауға мүмкіндік береді.Олимпиаданың ұйымдастырушылары: РОСМЕДОБР қауымдастығы, «МЕДВИАР» компаниясы. Сондай-ақ олимпиада РФ Денсаулық сақтау министрлігінің, Мемлекеттік Думаның Денсаулық сақтау комитетінің, РМҮКБА-ның, Мәскеу халықаралық медициналық кластерінің, «Сколково» қорының, Мәскеу қаласы Ақпараттық технологиялар департаментінің және «ГЭОТАР-Мед» компаниясының қолдауымен өтті.
«Karaganda Simulation Team» командасы Қарағанды медицина университетінің Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының базасында дайындалды. Дайындықты орталық директоры Кемелова Гульшат Сейтмуратовнаның қолдауымен куратор Сапалиди Евгения Владимировна жүргізді.
2025 жылғы 22–26 қыркүйек аралығында «Karaganda Simulation Team» командасы Мәскеу қаласында, ХШЖК (ВДНХ) «Ақылды қала» алаңында өткен «ФиджиталКвест-2025» Бүкілресейлік олимпиадасының екінші өңірлік кезеңіне қатысты.
.png)
Бұл кезең 2025 жылғы мамыр айында Томск қаласындағы Сібір мемлекеттік медицина университеті базасында өткен олимпиаданың іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, нәтижесінде команда «Үздік командалық жұмыс» номинациясын иеленіп жартылай финалға шығуымен жалғасын тапты. Сонымен қатар XR-Clinic лицензиясын және медициналық әдебиеттерді онлайн оқуға мүмкіндік алды.
Қыркүйек айының нәтижелері
• Біздің команда 18 команданың ішінен ең үздік бес команданың қатарына кірді.
• «Karaganda Simulation Team» бірден екі номинацияны иеленген жалғыз команда болды:
- «Үздік командалық жұмыс»
- «Үздік реанимациялық бригада»
• Жарыс нәтижесінде команда Мәскеуде өтетін финалда өнер көрсету құқығына ие болды.
Осылайша, Қарағанды медицина университетінің Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының базасында дайындалған «Karaganda Simulation Team» командасы кәсіби құзыреттердің жоғары деңгейін, ұйымшылдықты және университетті «ФиджиталКвест-2025» олимпиадасының қорытынды кезеңінде лайықты таныстыруға дайын екендігін көрсетті.
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
31.03.2026
Жарияланды:
30.03.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026