Жаңалықтар

Кафедраның тарихи-өлкетану үйірмесінің отырысы
Кафедраның тарихи-өлкетану үйірмесінің отырысы
5 March 2025
Кафедраның тарихи-өлкетану үйірмесінің отырысы.
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының тарихи-өлкетану үйірмесінің осы семестрдегі бірінші отырысы өтті. Күн тәртібінде екі баяндама қаралды. Медицина мектебінің 3-028 тобының студенті Нұрлан Ерұлан «Жошы хан және оның мұрасы» тақырыбында баяндама жасады.
Фотосуреттер мен тарихи құжаттардан үзінділерден тұратын түрлі-түсті презентацияда Ерұлан бізге «әлемді жаулаушы» Шыңғыс ханның үлкен ұлының ерекше тұлғасы туралы айтып берді. Қазақтың алғашқы хандары Жәнібек пен Керей тараған Жошының тектілігін көрсетілді. Қолбасшы ретінде әкесінен Ертістің батысындағы Дешті даладағы жерлерді және Қыпшақтарды алған Жошы туралы аңыздар айтылды.
Қазіргі Солтүстік, Орталық және Батыс Қазақстанның далалары туралы Ерұланның өте жанды әсерлі әңгімесін айбынды жауынгер және қолбасшы Жошының аң аулау кезінде қаза тапқаны туралы әдемі аңызбен аяқталды. Осы мұңды оқиғаға арналған атақты «Ақсақ құлан» күйін естідік, одан кейін шешен домбыра сазынан қиялымызды туған бейнелерді суреттеуге шақырды!
Бүгінгі кездесуге келген әр түрлі мамандықтардың 1-3 курс студенттері, кафедра оқытушылары әсем әуеннен алған әсерлерімізбен бөліссек, бір қызығы, біз суреттеген суреттер бір-біріне ұқсас болды: Шексіз дала, дала желінен иілген шөп, үйір-үйір жылқылар, аңшылардан жүгірген құландар және әйгілі күйдің әртүрлі нотасында сүйсініп, студенттің өнерін қошаметпен қарсы алдық. Оқу - ісінің меңгерушісі Н.Ф. Ломан үйірмеге белсене қатысқаны үшін Нұрлан Ерұланға сертификат табыс етті.
Екінші баяндаманы біздің үйірме жұмысына біраз жылдан бері қатысып келе жатқан шет тіл пәндерінің оқытушысы Г.Ф. Галина бізге «туристік жұмаққа» айналған Солтүстік Кавказ республикасының тарихи-географиялық көрікті жерлері туралы түрлі-түсті және жарқын әңгімелеп берді. Біз Дағыстанның және оның халықтарының көп ғасырлық тарихымен таныстық, өткен ғасырлардағы жаулардың талай шапқыншылығы мен соғыстарды көрген тау шатқалдары мен дауылды өзендері, ескі бекіністері мен мұнараларды көрдік, қалаларды араладық, көшелермен «қыдырдық».
Ресей автономиясының астанасы Махачкаладағы түрлі-түсті және ерекше субұрқақтарды көрдік. Спикер кездесуге қатысушылардың көпұлттық Дағыстан халықтарының тұрмыстық мәдениетіне, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қатысты көптеген сұрақтарына жауап беріп, осы ежелгі және қонақжай өлкеге саяхат жасауға кеңес берді.
Баяндамасының соңында Галия Фанильевна кездесуге қатысқандардың бәрін Қарағандыға әкелген Дағыстанның тау шөптерінен қайнатылған хош иісті шаймен сыйлады. Кездесуге қатысушылар әріптесіміздің осындай ерекше сөзін ду қол шапалақтаумен марапаттады!
Жиын соңында кафедра оқытушылары Н.Ф. Ломан, А.И. Онгарбаева мазмұнды баядамалары үшін алғыс айтты. А.Б. Долгополов үйірме мүшелерінің соңғы жылдардағы Қазақстан бойынша жасаған сапарлары және алдағы жылға саяхат жоспарлары туралы қысқаша айтып берді. Сонымен қатар оның барлық қатысушыларын келесі кездесулер мен сессияларға шақырды!
Тарихи-өлкетану үйірмесінің келесі кездесулеріне дейін!

Тарихи-өлкетану үйірмесінің жетекшісі: ассистент-профессоры
А.Б. Долгополов.
26.02. 2025 ж.
1058

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026