Жаңалықтар

Ішкі аурулар кафедрасындағы «Адалдық сағаты»
Ішкі аурулар кафедрасындағы «Адалдық сағаты»
13 March 2025
Ішкі аурулар кафедрасындағы «Адалдық сағаты»

"Адалдық сағаты" - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған бастама. Ол елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеуге және іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен ынтымақтастықта іске асырылады.

11 наурызда ҚМУ ішкі аурулар кафедрасында 7 курс интерндерінің қатысуымен "Адалдық сағаты" интерактивті дәріс-пікірталас өтті. 7-018 топ білім алушылары Райбаев Әділет, Құдайберген Нұрлыхан және Төрехан Ақнұр баяндама жасады. Іс-шара профессор Алина А.Р., қауымдастырылған профессорлар Амирханова Д.Т. және Шерьязданова Д.Н. жетекшілігімен өтті. Кездесу аясында студенттер мен оқытушылар медициналық практикадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, адалдық және әділдік мәселелерін талқылады.
Іс-шара барысында студенттерге сыбайлас жемқорлық туралы хабардар болу және оның алдын алу шаралары туралы сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Студенттер талқылауға белсене қатысып, дәрігер жұмысындағы адалдық пен этиканың маңыздылығын атап өтті.


Мұндай бастамалар болашақ медицина қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етеді және олардың кәсіби қызметте адалдық пен әділдік қағидаттарына бейілділігін нығайтады.
209

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026