Жаңалықтар

Ішкі академиялық ұтқырлық
Ішкі академиялық ұтқырлық
12 December 2024

2024 жылғы 25 қарашадан 29 қарашаға дейін мейіргерлік білім беру мектебінің оқытушысы Салтанат Нұржанқызы Серікова «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ және «Астана медицина университеті» КеАҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «АМУ» КеАҚ-да болды.

Салтанат Нұржанқызы «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттеріне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес «Ауруларды басқару бағдарламасы. Ауруларды басқару бағдарламасын жүзеге асырудағы мейіргердің рөлі» пәні бойынша «АМУ» КеАҚ мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісімен бірлесіп жасалған бірқатар дәрістер мен семинарлар өткізді. Бакалавриатта кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ мейіргер ісі кафедрасы меңгерушісінің м. а. Құтыбаева Бақытжан Саматқызымен мейіргер практикасында зерттеулер жүргізуге арналған кафедра қызметкерлерінің ғылыми бағыттары талқыланды.

Жалпы академиялық ұтқырлық өте белсенді және жемісті өтті, мұндай сапарлар медицина университеттерінің оқытушылары арасында педагогикалық және клиникалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, бұл болашақ медицина мамандарын даярлау сапасын арттыру мақсатында одан әрі ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

 

283

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026