Жаңалықтар
Инвестициялық форум: ҚМУ және Франция
Қазақстан-Француз инвестициялық форумында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың, оның ішінде медицина мен фармацевтика салаларындағы серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Франциямен ынтымақтастық елдің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңіріміздің француз компанияларымен ынтымақтастық үшін тартымдылығын атап өтті және SUEZ француз компаниясымен Қарағанды қаласының су тарту және су бұру саласындағы әріптестігі туралы келісімге қол қойылды.
Форум барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды және осы салаға француз технологиялары мен инвестицияларын тарту мүмкіндіктерін талқылады. Іс-шара қорытындысы бойынша медицина мен фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын бірқатар келісімдерге қол қойылды. Біздің университет Université d’Évry Paris-Saclay университетімен биомедициналық зерттеулер, қызметкерлер мен студенттердің академиялық ұтқырлығы және магистратураның бірлескен бағдарламаларын ашу саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Бұл диалог Қазақстан мен Франция арасындағы серіктестіктің стратегиялық сипатын растайды және денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.