Жаңалықтар

«ГЭРА: диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері»
«ГЭРА: диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері»
16 October 2025
2025 жылдың 7 қазанында «ГЭРА: диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында пікірталас клубының отырысы (ЖОО аралық СҒБ) өтті.
Пікірталас клубына «Астана медицина университеті» КеАҚ, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттері қатысты. Отбасылық медицина кафедрасының ассистент-профессоры Лазат Сәрсенбайқызы Батырбекованың жетекшілігімен интерндер 6-023 тобынан Мейрамова Алма Мейрамқызы, 6-023 топтарынан Мыңбай Айшат Нұркенқызы және Базарбаева Зухри Абайқызы «Балалар мен ересектердегі ГЭРА клиникалық ерекшеліктері» тақырыбында баяндамаларымен сөз сөйледі. Пікірталас барысында балалар мен ересектердегі ГЭРА клиникалық ерекшеліктері, патогенетикалық ерекшеліктері, науқастың жасына сай емдеу ерекшеліктері, асқыну кезіндегі емдеу жолдары мәселелері қозғалды. Алдын алу жолдары да айтылды.
Біздің мақсат: интерндердің ғылыми зерттеулерге қызығушылықтарын арттыру.

254

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026