Жаңалықтар
2025 жылдың 1 сәуірінде физиология кафедрасының, патологиялық физиология бөлімінде «Медицина» факультетінің 3-029 және 3-035 топтарының студенттерінің қатысуымен «Лудоманияның, буллингтің, харассменттің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар профессор С.Б Жаутикова, профессор Ф.С. Абикенова. Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары қатысты: қауымдастырылған профессор Х.Р. Абдикадирова, профессор ассистенті К.М. Жиенбаева,. профессор ассистенті И.А Барышникова, профессор ассистенті Г.А.Бакарамова.
Буллинг, лудамания және харассмент – бұл студенттік ұжымда болуы мүмкін қазіргі қоғамның маңызды әлеуметтік мәселелері. Агрессия, тәуелділік және зорлық-зомбылық жиі байқалмайды немесе еленбейді, бірақ бұл олардың жоқтығын білдірмейді. Бұл тақырыптар туралы айту, студенттердің бір-біріне деген құрмет, хабардарлық және жауапкершілік мәдениетін сақтау және қалыптастыру маңызды. Тек осылай ғана әрқайсысы үшін қауіпсіз кеңістік жасай аламыз. Дөңгелек үстел аясында осы мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған алдын алу шаралары айтылды. Дөңгелек үстелге осы тақырыптар бойынша презентациялар, оқушылардың викторинаға белсенді қатысуы, сондай-ақ жастар ортасындағы осы құбылыстардың ауқымын және олардың алдын алу жолдарын тереңірек түсінуге көмектескен пікірталас болды.