Жаңалықтар

Еуразиялық педиатрлар саммиті
Еуразиялық педиатрлар саммиті
2 October 2025
2025 жылғы 26–28 қыркүйек аралығында Түркия Республикасының Диярбакыр қаласында Түркия Республикасының Солтүстік өңірі педиатрлары қауымдастығы ұйымдастырған Еуразиялық педиатрлар саммиті өтті.
Саммитке АҚШ, Польша, Түркия, Египет, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің ғалымдары қатысты. Іс-шара балаларды вакцинациялау мәселелерін талқылауға арналды. Ғалымдар заңды өкілдердің шешімсіздігіне байланысты проблемаларды шешу тәжірибесімен, медициналық қызметкерлердің рөлі және олардың вакцинация бойынша хабардарлықты арттырудағы мотивациясына қатысты ойларымен бөлісті.



Біз «The Immunization and Exemption Dilemma: The Kazakhstan Experience» («Вакцинация және медициналық шегерім дилеммасы: Қазақстан тәжірибесі», Түкбекова Б.) тақырыбында баяндама ұсындық. Онда ерте жастағы балаларға вакцинация жүргізудегі медициналық шегерімдерді зерттеу, олардың басқарылатын инфекциялардан қорғау мақсатында балаларды вакцинациямен қамтуға әсері жөніндегі деректер ұсынылды. Сондай-ақ, вакцинация мәртебесіне байланысты ерте жастағы балалардағы ауруханадан тыс пневмониялардың ауырлығы мен вакцинация кестесінің бұзылу жағдайындағы ағым ерекшеліктеріне қатысты зерттеу нәтижелері қызығушылық тудырды.
Талқылаулар сенім мен ашықтық атмосферасында өтті. Вакцинация сияқты көпқырлы мәселеде халықаралық байланыстар түсінікті кеңейтіп қана қоймай, вакцинация саласындағы ең соңғы жетістіктерді тәжірибелік ортаға және білім беру жүйесіне енгізуге мүмкіндік беретінін көрсетті.
Саммит қорытындысында «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ пен Түркияның Шығыс педиатрия қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

200

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026