Жаңалықтар
Этникалық музыка кеш
24 December 2025
Осындай атаумен «Тәуелсіздік күні» қарсаңында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының профессор-ассистенті О.А. Ковтун ұйымдастыруымен музыкалық кеш өтті. Алғашқы қойылым қазақ музыкасына арналды, атап айтқанда қазақтың атақты күйлері: «Ерке сылқым», «Сарыарқа» және т.б. Олардың шығу тарихымен «Болашақ» академиясының 1-курс студенті Эльдар Васильев бізбен бөлісті. Домбыраның қоңыр үнінен дәрісхананың іші бір сәтте тынышталып қалды... Эльдар домбырамен күйлерді шебер орындап, даланың бүкіл палитрасын бейнеледі. Сол күні 301 дәрісханаға келген студенттер мен оқытушылары шексіз Сарыарқаның кең даласын, алтын түстес таулар мен жасыл ормандарын елестеп, сонымен қатар қазақтың халық музыкасынан керемет эстетикалық ләззат алды! Қонағымызды қол шапалақтаумен марапаттады.
Одан кейін сахнаға 1-курс студенті Рузанна Геворгян өнер көрсетіп, армян халық әндерін орындағанын тамашаладық. Мың жылдық тарихы бар армян халқының музыкалық дәстүрлері да бай: Рузанна өз халқында қиын-қыстау кезеңдерді – соғыстар мен туған жеріне жау шапқыншылығын баяндайтын мұңды әндер көп екенін, сонымен бірге көңілді, ойнақы әуендердің барын айтып, сондай әндердің бірі «Вай-Вай» орындап берді. Ерекше бірде мұңды, бірде көңілді әуендер жүрегімізді баурап алып, біздің студентімізге көрермендеріміз ұзақ қол соқты.
Сонымен қатар, ХМФ факультетінің 3-курс студенті Санадхия Мадхав пен Иншант, 2-курс студенті Санчора Ваншика, 4-курс студенті Виас Хардик сахнаға шықты. Махдав пен Хардиктің гитарада орындауындағы хинди әндерін естідік, нәзік және әуенді ән сахнада орындалды. Бізді Үндістанның мыңжылдық тарихы және оның халқының бай музыкалық мұрасымен толтырды! Әндер нағыз бишілер – студент Ишант пен керемет мәнерлі де сымбатты студент Ваншиканың орындауындағы бимен сүйемелденді!

Біз ТМД елдерінің ұрпақтары сүйетін 1970-1980 жылдардағы үнді фильмдерінің атмосферасын шынайы сезіндік! Ишант әндердің мән-мағанасын сахнада әртіс сияқты мимика мен қимыл арқылы әндердің мазмұнын шебер бейнелеп, олардың сюжетін бізге-көрермендерге сөзсіз және аудармасыз түсінікті етіп көрсетті! Спектакль аяқталғаннан кейін көрермендер, олардың көпшілігі, бұл жолы болды ХМФ студенттері, талантты орындаушыларды сахнадан жібергісі келмей, ұзақ қол шапалақтады.

Студентттердің қойылымының соңында Ольга Алексеевна осы этникалық музыка кешінің барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, бүгін сахнада өнер көрсеткендердің барлығына шағын сыйлықтар табыс етті! Сондай-ақ, кафедраның музыкалық кешіне қатысқан барлық студенттерді, жас дәрігерлерді (біздің университеттің бұрынғы студенттері), және оқытушылар құрамын алдағы уақытта өтетін тарихи-өлкетану үйірмесінің отырыстарына белсене қатысуға шақырды!
Келесі кездескенше!
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының профессор-ассистенті- О.А. Ковтун.
Тарихи-өлкетану үйірмесінің жетекшісі , профессор ассистенті
– А.Б. Долгополов.
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
31.03.2026
Жарияланды:
30.03.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026