Жаңалықтар

Эразмус + HARMONEE жобасы аясында жұмыс
Эразмус + HARMONEE жобасы аясында жұмыс
16 March 2023

6–14 наурыз аралығында Италияның Гаргньяно атты көркем жерінде Милан Университеті үйлестірген Erasmus+ HARMONEE жобасы https://www.harmonee.eu тобының жиналысы өтті.  Жиналысқа Қарағанды медицина университетінің Қоғамдық денсаулық мектебінен Жамантаев Олжас, Болатова Жанерке және Нукештаева Карина қатысты. Қатысушылар «Қоғамдық денсаулық» және «Медико-профилактикалық іс» Консорциумы бағытында әзірленген оқу пәндерінің пилот сессиясын таныстырып өткізді. 

Жалпы, проект аясында 9 модуль әзірленді (Инфекциялық емес аурулардың эпидемиологиясы, аурулардың жаһандық ауыртпалығы және т.б.). Сонымен қатар, әзірленген пәндер аясында 9 ғылыми жұмыстар да таныстырылып ұсынылған болатын.

8-күндік жемісті жұмыс тез өтіп кетті. ЖОО-дың досы, әрі серіктесі Клаудио Колозио  университетіміздің қызметкерлері мен студенттеріне сәлем жолдауда. Қоғамдық денсаулық институты ұжымының әріптестерімен асбестоз бойынша зерттеу жұмыстарын жақын арада бастауға мүмкіндігі болатынына сенуде.

261

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026