Жаңалықтар

«Арулар - асыл жандар!»
«Арулар - асыл жандар!»
8 March 2025
«Арулар - асыл жандар!»

8-наурыз – көктемнің алғашқы мерекесі, әлемді сұлулық пен нәзіктікке бөлеген ардақты әже, асыл ана, сұлу арулар мерекесімен басталатыны ерекше жанға жылу береді.
Студенттік үйірмелер университетіміздің әйелдер қауымына мерекелік концертты тарту етті.
Концерттың шымылдығын «Сал домбыра» республикалық байқауының жеңімпазы «Жігер» домбыра ансамблі «Балбырауын» күйімен ашты.
Осындай тамаша мерекенің ашылу салтанатының алғашқы құттықтау сөзін, Басқарма Төрағасы - Ректордың міндетін атқарушы Риклефс Виктор Петровичке берілді.
Осы жылғы мерекеде де профессор Молотов – Лучанский Вилен Борисович пен Өмір туралы ғылым институтының директоры Клюев Дмитрий Анатольевич университетіміздің нәзік жандарына өздерінің ерекше құттықтауларын сыйлап, көрермендерімізге керемет әсер қалдырды.
«Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблі, «New wave» заманауи би үйірмесі мен «Golden step» би театры көрерменге билерін тарту еткенде, зал айырықша ілтипат көрсетті.
Сахнаға «Серілер» ансамблі мен бірге аруларымызды құттықтауға келген Тәттімбет өнер колледжі студенттерінің орындауындағы дәстүрлі әндер шеруі барлығын тәнті етті.
«Медия» жайдарман клубының студенттері әзілдерімен барлығын күлдіріп, бір сергітіп алды.
Концерттің негізгі күретамыры болып, вокал үйірмесі студенттерінің ән шашуы зал атмосферасын мерекелік көңіл күйге бөледі.
Әйелдер үшін ән мен күй, бимен өткен тамаша концертте жүрекалды тілектер сан рет айтылса да, сіздерге өмірдің асылын, ойыңызда жүрген тілегіңіздің орындалуын тілейміз! Мереке құтты болсын!






207

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026