Жаңалықтар
2025 жылдың 14 наурызы күні сағат 14:00-де НАО «Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде» Жолдасбекова Гульназ Мухтаровнаның «Альцгеймер ауруымен ауыратын науқастардағы биохимиялық параметрлерді, цитокиндер профилі мен ішек микробиомасын бағалау» тақырыбында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау рәсімі өтті. Диссертация 8D10100 «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша ұсынылды.
Типтік ережеге сәйкес, диссертациялық кеңестің отырысына Қазақстан Республикасының жетекші мамандары ретінде диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері қатысты: биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ТОО «Ұлттық биотехнология орталығы» зертхана меңгерушісі Жолдыбаева Елена Витальевна; PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жалпы биология және геномика кафедрасының профессоры міндетін атқарушы, Ольга Владимировна Булгакова; PhD, Назарбаев Университетінің «National Laboratory Astana» Жеке мекемесі Геномдық және персонализденген медицина зертханасының аға ғылыми қызметкері, Даурен Адилович Ережепов.
Ғылыми кеңесшілер: Дмитрий Анатольевич Клюев – медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Өмір туралы ғылымдар институты» директоры, НАО «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» Шолпан Несіпбаевна Аскарова – PhD, профессор, «Өмір туралы ғылымдар орталығы» Биоинженерия және регенеративтік медицина зертханасының жетекшісі, Назарбаев университеті Динара Сагындыковна Альжанова – медицина ғылымдарының кандидаты, неврология кафедрасының доценті, НАО «Астана медицина университеті» Varvara Kozyreva – PhD, Калифорния штатының Денсаулық сақтау департаменті, Генотиптеу бөлімінің бастығы, Зерттеу ғалымдарының жетекшісі I (Микробиологиялық аурулар зертханасы).
Құпия дауыс беру нәтижесінде диссертациялық кеңес ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінен философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы өтініш білдірді.
Диссертациялық кеңес докторантты және ғылыми кеңесшілерді табысты қорғауымен құттықтап, оларға болашақта табыстар тілейді!