Жаңалықтар

Дэгу медициналық колледжі — Glocal University 30 (DHC), Оңтүстік Корея, Карағанды медициналық университетіне сапармен келді.
Дэгу медициналық колледжі — Glocal University 30 (DHC), Оңтүстік Корея, Карағанды медициналық университетіне сапармен келді.
12 February 2025

Ынтымақтастық туралы меморандум

Дэгу медициналық колледжі — Glocal University 30 (DHC), Оңтүстік Корея, Карағанды медицина университетіне сапармен келді.

11 ақпанда Карағанды медицина университетіне Оңтүстік Кореяның Дэгу медициналық колледжі — Glocal University 30 (DHC) делегациясы сапармен келді. Делегация құрамында оқу ісі жөніндегі директор Young-Geun Kim және халықаралық байланыстар тобының жетекшісі Gyeong-Don Kim болды.

Сапар барысында қонақтар неврология, психиатрия және реабилитология кафедраларын аралап, Қарағанды медицина университетінің басқаруымен кездесу өткізілді. Оқу ісі жөніндегі директор Young-Geun Kim Дэгу колледжінің білім беру жүйесі мен халықаралық ынтымақтастықтың болашағы туралы айтты.

Кездесу нәтижесінде Карағанды медицина университеті мен Оңтүстік Кореяның Дэгу медициналық колледжі — Glocal University 30 (DHC) арасында өзара ынтымақтастық меморандумы қол қойылды. Бұл меморандум екі оқу орнының кинезиология және эрготерапия саласында бірлесіп білім беру бағдарламасын әзірлеу туралы өзара келісімдерін білдіреді. Осы бағдарлама арқылы тиімді білім беру мен оқытуға мүмкіндік беретін бірлескен оқу бағдарламасын жасау көзделуде, бұл өз кезегінде осы салалардағы мамандарды даярлауды жақсартуға септігін тигізеді.


289

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026