Жаңалықтар

Дәрігердің тұтас тұлғасы: кәсіби сәйкестілік, жауапкершілік және көшбасшылық
Дәрігердің тұтас тұлғасы: кәсіби сәйкестілік, жауапкершілік және көшбасшылық
23 February 2026
2026 жылғы 18–19 ақпанда Астана медицина университетінде «Дәрігердің тұтас тұлғасы: кәсіби сәйкестілік, жауапкершілік және көшбасшылық» атты Республикалық форум өтті. Форумға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Султангазиев Тимур Сламжанович қатысты.
Форум еліміздің барлық өңірлерінен келген медициналық университеттердің студенттерін, ректорлар мен проректорларды, академиялық қауымдастық пен практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерін біріктірді. Іс-шара аясында болашақ дәрігердің кәсіби сәйкестігін қалыптастыру, медициналық маманның қазіргі қоғамдағы рөлі, сондай-ақ медициналық білім беруді дамытудың өзекті бағыттары талқыланды.



Форум барысында «Толық адам» тұжырымдамасына ерекше назар аударылды. Бұл тұжырымдама дәрігерді терең кәсіби білімді, жауапты, көшбасшылық қасиеттерге ие және тиімді коммуникация дағдыларын меңгерген тұтас тұлға ретінде қарастырады. Қатысушылар командалық жұмыстың маңызын, клиникалық шешім қабылдау және пациенттермен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін қазіргі денсаулық сақтау жүйесі жағдайында талқылады.
Форум аясында медициналық практика мен білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған студенттік инновациялық жобалар таныстырылды. Сонымен қатар «Денсаулық сақтаудағы жасанды интеллект және цифрландыру» көрмесі ұйымдастырылып, онда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған жасанды интеллект саласындағы әзірлемелер ұсынылды.



Форум бағдарламасына студенттік ұйымдар жәрмеңкесі және медициналық білім беру мен клиникалық қызметте жасанды интеллектті қолдануға арналған жобалар байқауы енгізілді. Пленарлық отырыста стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор В.П. Риклефс және халықаралық медицина факультетінің деканы К.К. Сарсенбаев баяндама жасады.
Байқау қорытындысы бойынша Қарағанды медицина университеті командасы ұсынған «AIClinical» инновациялық жобасы үздік жобалардың бірі деп танылып, II орынға ие болды. Бұл жоба білім алушылардың жобалық және ғылыми дайындығының жоғары деңгейін көрсетті.

476

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026