Жаңалықтар
2025 жылғы 1 желтоқсанда Ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері Әлемдік ЖИТС күні аясында студенттерге «АИТВ және оған қатысты мифтер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға доцент Г.Т. Абуова модераторлық етті. Ол АИТВ пен ЖИТС-тің бүгінгі таңда да өзекті мәселелер болып қала беретінін атап өтті. Соңғы жылдары АИТВ инфекциясының таралуы алаңдатарлық деңгейге жетті.
Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары, стоматология мамандығы бойынша 3-008, 3-012, 3-016 және жалпы медицина мамандығы бойынша 3-033 топтарының студенттері қатысты.
Төмендегі баяндамалар орыс және мемлекеттік тілде ұсынылды:
* Профессор Л.Ш. Сексенова - «1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні»
* Ассистент-профессор Г.Т. Абуова - «Қарағанды облысындағы ЖИТС инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы»;
* Профессор Нұрсұлтанова С.Д. – «ЖИТС-пен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік».

Дөңгелек үстелде «ЖИТС инфекциясы және АИТВ» викторинасы өткізіліп, бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу соңында қатысушылар ЖИТС-пен күрестің Дүниежүзілік күнінің өзектілігін бір ауыздан мойындады. Қоғам арасында АИТВ мәселелері мен осы инфекциямен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілік туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды әрі қажет.
Іс-шара қоғамның АИТВ-пен індеткен адамдарға қатысты дұрыс көзқарас мәдениетін қалыптастыруға бөлімнің елеулі үлесі болды.