Жаңалықтар

«Бір университет - мың тағдыр»
«Бір университет - мың тағдыр»
30 June 2025

«Бір университет - мың тағдыр»

   Қарағанды медицина университеті түлектерінің дәстүрлі кездесуі өтті. 2025 жылдың 28 маусымында Қарағанды медицина университетінің акт залында көптен күткен түлектер кездесуі өтті. Бұл шара 1960 жылдан бастап 2010 жылдарға дейінгі түлектерді біріктірді.

Салтанатты жиын университет әнұранымен ашылды. Одан кейін қонақтарды Қарағанды медицина университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Мерекелік көңіл-күйді музыкалық нөмірлер арттыра түсті: «Ақ халатты абзал жандар» әнін 4 курс студенті Алёна Нечипоренко орындаса, «Қаракөз» шығыс би ансамблі «Ақжелең» және «Тәжік биі» композицияларымен көрермендерді тәнті етті.

Түлектер әр жылдардағы естеліктермен бөлісті:

-         1960 жылғы түлек - медицина ғылымдарының докторы Виктор Александрович Зубов

-         1975, 1980, 1985, 1990, 1995, 2000, 2005 жылдардағы елімізде және шетелде еңбек етіп жүрген түлектер.

Түлектер: “Университетті бітіргенімізге талай жыл өтсе де, ҚМУ-мен, ұстаздармен және бір-бірімізбен байланысымыз үзілмеген”, - деп атап өтті.

Қарағанды медицина университеті өз түлектерін мақтан тұтады. Олардың кәсібилігі мен медицинаға деген адалдығы - адамзат игілігіне қызмет етуде.

Кездесу естелік суреттермен және бүкіл зал қосылып шырқаған «Бақыт тілейміз сіздерге» әнімен аяқталды.

 

 

 

 

 

 

568

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026