Жаңалықтар

Биомедицина факультетінің студенттері 2025 жылғы 14 сәуір мен 5 мамыр аралығында академиялық ұтқырлық аясында Түркияның Нигде қаласындағы Nigde Ömer Halisdemir университетінде сәтті тәжірибеден өтті
Биомедицина факультетінің студенттері 2025 жылғы 14 сәуір мен 5 мамыр аралығында академиялық ұтқырлық аясында Түркияның Нигде қаласындағы Nigde Ömer Halisdemir университетінде сәтті тәжірибеден өтті
22 May 2025

Биомедицина факультетінің студенттері Рахимжанова Дильназ, Жаңаберген Жайна және Әуесбекова Сағида 2025 жылғы 14 сәуір мен 5 мамыр аралығында академиялық ұтқырлық аясында Түркияның Нигде қаласындағы Nigde Ömer Halisdemir университетінде сәтті тәжірибеден өтті.

 Тәжірибе барысында олар:

✅ зертханалық базамен танысып, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтті;
✅ нақты гендерді анықтау үшін ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісін қолдана отырып зертханалық жұмыстар орындады;
✅ биоқабықша құру және оның өсуін бақылау жұмыстарын жүргізді;
✅ антибиотиктерге төзімділікті анықтап, МИК (минималды тежейтін концентрация) есептеді;
✅ өз қанынан ДНҚ бөліп шығарды.

 Бұл тәжірибе тек кәсіби дағдыларын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар халықаралық әріптестермен тәжірибе алмасуға, жаңа әсер алуға және болашақ ғылыми жолына шабыт беруге септігін тигізді.

 Студенттерімізді мақтан тұтамыз және жылы қабылдауы, сапалы ұйымдастыруы мен қолдауы үшін қабылдаушы тарапқа алғысымызды білдіреміз!


1321

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026