Жаңалықтар

«Биомедицина» ББ студенттері Рязань мемлекеттік медицина университетінде
«Биомедицина» ББ студенттері Рязань мемлекеттік медицина университетінде
5 December 2025
«Биомедицина» ББ 3 курс студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Рязань мемлекеттік медицина университетіне жіберілді. Олар тағылымдама барысында микробиология кафедрасының базасында оқытылады, «Паразитология негіздері» және «Клиникалық микробиология» пәндерін оқиды.


Біз Рязань мемлекеттік медицина университетіне жылы қабылдап, құнды тәжірибе және кәсіби білімімізді кеңейту мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз. Сондай-ақ университетімізге академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндігі, қолдауы мен сенімі үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Бұл біздің студенттерге жаңа білім беру ортасын сезінуге, оқытудың заманауи тәсілдерін ашуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға тамаша мүмкіндік. Алған дағдылары олардың болашақта ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстарына көмектесетініне сенімдіміз.
221

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026