Жаңалықтар

«Білімнің биік ордасы: ҚМУ–75 жыл»
«Білімнің биік ордасы: ҚМУ–75 жыл»
18 March 2025
«Білімнің биік ордасы: ҚМУ–75 жыл»
2025 жылдың 14 наурызында Қарағанды медицина университетінде «Жаңа Қазақстан» бағдарламасы аясында Қарағанды медицина университетінің 75-жылдығына арналған «Білімнің биік ордасы: ҚМУ-75 жыл» атты студенттік ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды. Конференцияны Тілдерді дамыту орталығының басшысы Маретбаева Марина Абильжановна және профессорлық-оқытушылар құрамы ұйымдастырды. Тілдерді дамыту орталығының ұжымы білім алушыларды қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйретумен қатар патриоттық рухты тұлға тәрбиелеуде болашақ дәрігерлердің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып келеді.

Конференцияның пленарлық мәжілісі «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, академиялық жұмыстар бойынша проректор Қуатбек Қуанышбекұлы Төлеубековтің құттықтау сөзімен бастау алды. Проректор өз сөзінде биылғы жылдың университет тарихында маңызды екендігін, жыл бойы түрлі шаралар ұйымдастырылып жатқанын атап өтіп, университетіміздің 75-жылдығына арналған кезекті студенттердің ғылыми-теориялық конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Пленарлық мәжіліс мінберіне көтеріліп, сөз алған травматолог-ортопед, дәрігер Руденко Александр Петрович естеліктерімен бөлісіп, конференция жұмысына қолдау білдірді. Сонымен қатар университет түлектері атынан көптеген бейне құттықтау сөздер келіп түсті. Атап айтсақ, Есенбаева Сауле Сериковна - м.ғ.д., профессор, Шығыс Еуропа бойынша Дүниежүзілік стоматологиялық академиясының вице-регенті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас стоматологі, Бірыңғай Қазақстан стоматологиялық қауымдастығының президенті, Курмангалиев Еркин-Дауир Толеуович - «Проф. Х.Ж. Макажанов атындағы көпбейінді аурухана» директоры, Тусипбеков Азамат Каригулович - Қарағанды облысы сараптама орталығының басшысы, Хайтиди Татьяна Сергеевна - жоғарғы санаттағы хирург- онколог, Абильдин Мухтар Абдешович – жоғарғы санаттағы дәрігер, рентгенолог, Карелхан Асемгуль - жоғарғы санаттағы дәрігер – эндокринолог, Кабилдин Куан Советович – жоғарғы санаттағы дәрігер, уролог және т.б.

Ғылыми-теориялық конференцияның секциялық мәжілістерінде Тілдерді дамыту орталығы профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми жетекшілік жасауымен 34 студенттің баяндамасы тыңдалып, конференция жұмысының мазмұнын ашты. Конференцияның пленарлық және секциялық жұмыстарында қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің көрнекті өкілдерінің медицина саласын дамытуға қосқан үлесі талқыланды. Заманауи ғылыми зерттеулер мен медицинадағы инновациялардың медицина қызметкерлерінің практикасындағы көрінісін саралаған баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, болашақ дәрігер мамандардың тілдік дайындығы, кәсіби қарым-қатынас барысындағы көптілділіктің рөлі мен халықаралық медициналық ілім-ғылымға қол жеткізу мәселелері де қарастырылды. Еске саларлық жайт, баяндамалар үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тыңдалды.
Конференция қорытындысы бойынша резолюция қабылданып, білім саласындағы жаһандық бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға қатысты ұсыныстар көрсетілді және үздік баяндамалар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен мараппатталды. Барлық конференция баяндамалары электронды жинаққа еніп, жарияланатын болады.


1347

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026