Жаңалықтар

«Бауырсақ fiesta» - 2025.
«Бауырсақ fiesta» - 2025.
20 March 2025
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай студенттік үйірмелердің арасында «Бауырсақ fiesta» байқауын өткізу дәстүрге айналды.
Әр үйірме әр облыстың бауырсағын дайындап, өз өңірімен таныстырып, бауырсағының ерекшелігі туралы айты.
Қатысушылар бауырсақтың түр-түрімен үстелді жайнатып, алтын бауырсақ, томпақ бауырсақ, ақ бауырсақ, шәй бауырсақ, ши бауырсақ сияқты түрлерімен әділқазылар алқасын таныстырып, барлық көрермендерге дәм татқызды.
Және де 18 наурыз «Ұлттық киімдер күні» болғандықтан, қатысушы қыздарымыз әдемі киім үлгісін көрсетіп, көрермен назарына түсті.
I орынды – «Next generation» еріктілер ұйымы,
II орын - «Самұрық» студенттік республикасы,
III орын - «New Wave» заманауи билер үйірмесі алды, және номинациялар бойынша алғыс хаттар берілді.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын!





915

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026