Жаңалықтар
Бабалар даналығы және ұрпақтың алғысы
16 October 2025
Қарағанды медицина университетінде қазақ халқының ұлы ақын-ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай ізі ұрпақ жадында, сөз өнері мен сурет өнегесінде» атты республикалық шығармашылық кеш өтті. Шара ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мақаш Тыныштықбайұлы Әлиақпаровтың «Әке жолы. Перзент парызы» атты кітабының жарыққа шығуына орай ұйымдастырылды. Автор туындысында оқырмандарды Шәкәрім мен оның ұлы Ахат Шәкәрімұлының рухани мұрасымен таныстырады. Сонымен қатар, аталған еңбекке М.Әлиақпаровтың «Ахаттың ізімен» атты ғылыми-ағартушылық экспедициясы туралы жазбалары, бұрын жарияланбаған Ахат Шәкәрімұлының өлеңдері мен поэмалары енген.
Аталмыш шара Қарағанды медицина университеті, Тілдерді дамыту орталығы ұжымының ұйымдастыруымен өтті.
.png)
Шығармашылық кешке М.Т.Әлиақпаровтың достары, әріптестері, сондай-ақ облыстық әкімдіктің қызметкерлері, облыстық тілдерді дамыту басқармасы, Қарағанды қаласының кітапханалары, қаладағы жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, Қасым Аманжолов атындағы мұражай, Қарағанды облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.
Кештің концерттік бағдарламасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің күміс көмей әншісі Сержан Таранұлы Мұсайын қатысты.
Қарағанды медицина университетінің студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ Қарағанды қаласының мектептерінен келген қонақтар өнер көрсетті. Өнерпаздардың қойылымдары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Фойеде Абай, Шәкәрім және Ахат Шәкәрімұлының шығармашылығына арналған еңбектермен танысу мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Өткізілген кештің салтанатты атмосферасына зал мен фойенің көркем безендірілуі, Абай шығармаларындағы кейіпкерлердің тарихи костюмдері үйлесім тауып, мерекелік көңіл-күй, рухани дүниетенымның толысуымен астасып жатты.
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
31.03.2026
Жарияланды:
30.03.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026