Жаңалықтар
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында 2025 жылдың 1-желтоқсанында «Divera» облыстық аллергология орталығында ішкі аурулар кафедрасында «Бүгінгі күнгі АИТВ-инфекциясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» білім беру бағдарламасының резиденттері, сондай-ақ «Стоматология» ББ 3-004 топ және «Жалпы медицина» 5-002 топ студенттері қатысты. Модераторлар ретінде қауымдастырылған профессор М.Р. Измайлович, ассистент-профессорлар: О.Ю. Дедова, Б.С. Қошқарбаева сөз сөйледі. Баяндама жасаған резиденттер: А. Мұратқызы және М.О. Ыхласова.

Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға ВИЧ-инфекциясының таралуы, қазіргі диагностикалық әдістер және антиретровирустық терапияның мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат ұсынылды. Көрнекі материалдар мен түсінікті түсіндірулердің арқасында ақпарат қолжетімді әрі түсінікті түрде жеткізілді. Сонымен қатар, АИТВ-ті алдын алу және осы жұқпамен өмір сүретін адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша заманауи тәсілдерді түсіндіретін оқыту бейнеролигі көрсетілді.
Іс-шараның негізгі тақырыптары мыналарды қамтыды:
- әлемде және өңірде АИТВ-инфекцияның қазіргі статистикалық деректері;
- вирустың берілу жолдары және жұқтырудың алдын алудың тиімді шаралары;
- заманауи антиретровирустық емдеу сызбалары және олардың ауруды бақылаудағы рөлі;
- тұрақты тестілеудің және ерте анықтаудың маңыздылығы;
- стигма мен кемсітушілікке қарсы күрестің қажеттілігі;
- –ағартушылық жұмыстың және денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызы.
Іс-шарада АИТВ дер кезінде анықталып, дұрыс ем жүргізілген жағдайда бақылауға болатын жағдай екені, әрі адамның толыққанды және белсенді өмір сүруіне мүмкіндік беретіндігі ерекше атап өтілді. АИТВ жөніндегі аңыздарды жоққа шығару және стереотиптерді бұзу талқылаудың маңызды бөліктерінің бірі болды.

Дөңгелек үстел студенттер, резиденттер және оқытушылар арасындағы ашық пікір алмасуға маңызды алаңға айналды. Ол қатысушыларға ВИЧ-инфекцияның алдын алу және емдеудің заманауи аспектілерін терең түсінуге, сондай-ақ денсаулық мәселелеріне қатысты жеке және қоғамдық жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара интерактивті талқылаумен және одан әрі ағартушылық пен профилактикалық жұмысты күшейтуге арналған ұсыныстармен аяқталды. Мұндай бастамалар салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, эмпатияны дамытуға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен алдын ала көзқарастарды азайтуға ықпал етеді.