Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық аясында 2024 жылдың 12 қарашасынан 5 желтоқсанына дейін Қарағанды медицина университетінің «Ересектер және балалар нефрологиясы» мамандығының 2- ші курс резиденттері Сандыбаева А.К., Лопуха И.В., Оралова Р.Н., Жақсылық М.Ә. Казань мемлекеттік медицина университетінде «Балалар нефрологиясы» тақырыбында оқу курсын өтті. Олар госпитальдық педиатрия кафедрасының дәрігерлері мен профессорларынан теориялық және практикалық білім алғандарымен бөлісті. Кафедра меңгерушісі – профессор Садыкова Д.И., профессор Макарова Т.П., Самойлова Н.В., Мельникова Ю.С. доценттері бағдарламаны дайындауға жауапты болды.
15 қарашада балалардағы орфандық ауруларға арналған «Балалар жүрегі - сирек жүрек» конференциясына, сондай-ақ 21-22 қарашада өткен «Педиатрия және балалар хирургиясы» ХІХ халықаралық конгресіне қатысты. Сонымен қатар, «Нефрологтар мен гематологтарға арналған пікірталас клубы: «Лимфопролиферация мәселелеріне мультидисциплинарлық көзқарас» ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, тыңдаушы болды.
Резиденттер Казань қаласындағы Балалар Республикасының Клиникалық ауруханасының нефрология бөлімінде тәжірибеден өтіп, пациенттерді бақылап, бүйрек ангиографиясы мен ультрадыбыстық зерттеу дағдыларын игерді. Бұл тәжірбие өте қызықты әрі пайдалы болып, резиденттер көп жаңа ақпарат алып, оны өздерінің клиникалық тәжірибесінде қуана қолданатына сенеміз.
Сонымен қатар, оқудан тыс, мәдени бағдарлама аясында Казань қаласындағы барлық тарихи орындарды аралап көрді.