Жаңалықтар
2024 жылдың 13 желтоқсанында сағат 10.00-де «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ-да Айдана Асқарқызы Сұлтанбекованың 8D10100 – Медицина білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторы дәрежесін алу үшін «Уақыттық-ұшып өтетін масс-спектрометрия (MALDI-MS) әдісі негізінде мұрын жағындыларынан SARS-CoV-2 анықтау» тақырыбында диссертация қорғауы өтті.
Диссертациялық кеңестің үлгілік ережесіне сәйкес, отырысқа Қазақстан Республикасының жетекші мамандары, уақытша диссертациялық кеңес мүшелері қатысты:
- Алма Зейноллақызы Токаева – м.ғ.к., «Семей медицина университеті» КЕАҚ, инфекциялық аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының доценті, Семей қ.
- Марина Алексеевна Моренко – PhD, м.ғ.д., «Астана медицина университеті» КЕАҚ, балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, Астана қ.
- Ляззат Қатаевна Ибраева – м.ғ.д., «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ ішкі аурулар кафедрасының профессоры, Қарағанды қ.
Ғылыми кеңесшілер:
- Ирина Әділқызы Қадырова – PhD, қауымдастырылған профессор, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ аға ғылыми қызметкері, Қарағанды, Қазақстан Республикасы.
- Сергей Валентинович Егоров – PhD, Майкл Г. ДеГроттың инфекциялық ауруларды зерттеу институты; Макмастер иммунология ғылыми-зерттеу орталығы; Макмастер университетінің биохимия және биомедициналық ғылымдар кафедрасы, Гамильтон, Онтарио, Канада.
Жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша, диссертациялық кеңес ҚР Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитетіне Айдана Асқарқызы Сұлтанбековаға PhD докторы дәрежесін беру туралы ұсыныс жасады.
Диссертациялық кеңес докторантты және ғылыми кеңесшілерді сәтті қорғауымен құттықтап, әрі қарай табыс тілейді!