Жаңалықтар

"Ашық есік күні"
"Ашық есік күні"
13 February 2025

Қарағанды медицина университетінің қабырғасында 2025 жылдың 13 ақпанында Қоғамдық денсаулық мектебі қызметкерлерінің Қарағанды қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушыларымен кәсіби бағдарлау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған "Ашық есік күні" іс-шарасы аясында кездесуі болды.

Іс-шара барысында мектеп қызметкерлері "Медициналық-профилактикалық іс", "Қоғамдық денсаулық" және "IT-медицина" бағыттары бойынша қазақ және орыс тілдерінде білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат берді. Оқытушылар пайдаланатын университеттегі білім алушылардың жетістіктерін бағалау және оқыту нысандарын, мансаптық өсу перспективаларын және денсаулық сақтау саласындағы кәсіби қызметтің негізгі бағыттарын түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Спикерлер студенттер алдында ашылатын кәсіби мүмкіндіктер туралы, сондай-ақ қазіргі әлемде осы мамандықтардың қажеттілігі туралы толығымен айтып берді. Іс-шара аясында оқушылар жалпы гигиена, тағам гигиенасы және еңбек гигиенасы зертханаларының оқу құралдарымен танысты, бұл оларға университетте оқу процесінде практикалық дағдылардың қалай қалыптасатынын және ғылыми зерттеулер жүргізілетінін көрнекі түрде көруге мүмкіндік берді.

Кездесу мектеп оқушылары мен олардың ұстаздары арасында үлкен қызығушылық тудырып, тиімді әрі мазмұнды жағдайда өтті.


Қоғамдық денсаулық мектебін таныстырды:

 "Қоғамдық денсаулық" мамандығы бойынша: "Эпидемиология" білім беру модулінің оқытушылары Алышева Н.О., Меңдібай С.Т., Сейлханова Ж.А., Бейсекова М.М.

 "IT-медицина" мамандығы бойынша: "Қоғамдық денсаулық" білім беру модулінің оқытушылары Алданова Ж.А., Жаналина Г.А., Кенжекеева М.К., Аубакирова Д. С., Каршалова Г.В., Ердесов Н. Ж.

ü "Медициналық-профилактикалық іс" мамандығы бойынша: "Гигиена" білім беру модулінің оқытушылары Калишев М.Г., Рогова С.И., Токтибаева Г.Ж., Шайхина Ж.К., Жиенбекова А.Ж., Жарылқасын Ж.Ж., Чурекова В.И., Амреева Қ.Е., Абитаев Д.С., Талиева Г.Н., Приз В. Н.

       Мұндай іс-шаралар жастар арасында медициналық мамандықтарды танымал етуге ықпал етеді және болашақ талапкерлерге кәсіби жолды саналы түрде таңдауға көмектеседі.

 

880

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026