Жаңалықтар

Қарағанды облысының әкімі орынбасарының "ҚМУ" КеАҚ Клиникасына жұмыс сапары
Қарағанды облысының әкімі орынбасарының "ҚМУ" КеАҚ Клиникасына жұмыс сапары
2 December 2025
Облыс әкімінің орынбасары О.Қ. Таурбеков 5 жыл бойы сенімгерлік басқаруда болған «ҚМУ» КеАҚ клиникасына танысу сапарымен барды. Өңір басшысының орынбасарына мекеменің сапалы медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде: ересектер мен балаларға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек, Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының ересек тұрғындарына стационарды алмастыратын және стационарлық көмек бағыттары бойынша жұмысы көрсетілді.

 

Қолданыстағы жоғары технологиялық жабдықтарға, сондай-ақ қажетті құрылғыларға деген қажеттілікке ерекше назар аударылды.



О.К. Таурбеков ҚМУ КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Б.Н. Көшеровамен және клиниканың бас дәрігері С.С. Бобыревпен клиниканың даму перспективаларын және медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мүмкіндіктерін талқылады.


292

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026