Жаңалықтар
Қарағанды медицина университетінің Өзбекстандағы қазақстандық медицина күндеріне қатысуы
20 October 2025
2025 жылғы 15-16 қазан аралығында Ташкент мемлекеттік медицина университетінде «Өзбекстан Республикасындағы қазақстандық медицина күндері» жобасы аясында Қазақстан мен Өзбекстан медициналық жастарының достық іс-шаралары өтуде..png)
Қарағанды медицина университетінің делегациясы:
- ҚМУ Басқарма Төрағасы-Ректор – Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы,
- ҚМУ симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының директоры – Кемелова Гүлшат Сейтмұратқызы
- ҚМУ Физикалық денсаулық орталығының аға оқытушысы – Радынская Ольга Николаевна.
- Студенттер:
Х.Ирискулов, Р.Шортанов, В.Хоменко, А.Акишева - олимпиада, ғылыми көрме қатысушылары.
И.Попандопуло, Д.Карибаев, А.Югай, Д.Дарханқызы, В.Огай – спартакиада қатысушылары.
.png)
Сапар барысында ҚМУ Басқарма Төрағасы-Ректор Б.Н. Көшерованың Өзбекстанның медициналық жастарымен «Медицинаның болашағы біздің қолымызда: университет әлеуетті ашу алаңы ретінде» тақырыбында кездесуі өтті.
ҚМУ симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының директоры - Г.С. Кемелова «Білім алушылардың көшбасшылық қасиеттерін тьюторлық бағдарламасы арқылы қалыптастыру» мотивациялық дәрісін өткізді.
.png)
Стоматология бағыты бойынша халықаралық олимпиадада ҚМУ-нің студенттері В.Хоменко, А.Акишева 3-орынды иеленді (студенттерді оқытушы З.Н. Жұмабаева дайындады).
Спорттық жарыс қорытындысы бойынша ҚМУ студенттері келесі жүлделі орындарға ие болды:
- В.Огай – 400 метрге жүгіруден 2 орын
- И.Попандопуло – шахматтан– 3 орын
Қарағанды медицина университеті екі елдің болашақ дәрігерлері арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және достықты дамытуға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысады.
Қарағанды медицина университеті делегациясының сапарының маңызды пункттерінің бірі – Ташкент мемлекеттік медицина университеті атынан профессор Ш.А. Боймурадов пен Қарағанды медицина университеті атынан Басқарма Төрағасы – Ректор Б.Н. Көшерова арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою.
.png)
Құжат студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыруға, медициналық білім беру саласында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ академиялық әріптестіктің жаңа нысандарын құруға бағытталған.
Меморандум Орталық Азияның екі жетекші медициналық жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық байланыстар мен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болмақ.
.png)
.png)
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
31.03.2026
Жарияланды:
30.03.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026