Жаңалықтар

Қарағанды медицина университетінің делегациясы Қазан қаласындағы халықаралық конференцияға қатысты
Қарағанды медицина университетінің делегациясы Қазан қаласындағы халықаралық конференцияға қатысты
20 May 2025
Қарағанды медицина университетінің делегациясы Қазан қаласындағы халықаралық конференцияға қатысты
2025 жылғы 13–17 мамыр аралығында "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ делегациясы Ресей Федерациясы, Қазан мемлекеттік медицина университетінің базасында өткен «Медициналық білім беру: XXI ғасыр ұрпағының таңдауы» атты XI Халықаралық оқу-әдістемелік конференцияға қатысты.

Делегация құрамына кіргендер:

ректордың міндетін атқарушы — Риклефс В.П.,

Медицина мектебінің деканы — Омаркулов Б.К.,

Халықаралық медицина факультетінің деканы — Сарсенбаев К.К.

Конференция барысында Қарағанды медицина университетінің өкілдері университеттің цифрлық трансформация тәжірибесі мен жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізу тақырыбында баяндама жасады.
Болашақ медицина мамандарын даярлаудағы ИИ интеграциясы, онлайн оқыту және цифрлық платформалар саласындағы нақты мысалдар ұсынылды.

Сондай-ақ іс-шара аясында ресейлік әріптестермен жұмыс кездесулері өтіп, бірлескен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастық, соның ішінде бірлескен жобалар мен академиялық алмасу мәселелері талқыланды.

Конференцияға қатысу Қазақстан мен Ресей арасындағы академиялық байланысты нығайтудың маңызды қадамына айналып, ҚМУ-дың халықаралық серіктестік пен инновациялық медициналық білім беруді дамытуға бағытталған стратегиялық ұстанымын көрсетті.
576

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026