Жаңалықтар
Қарағанды медицина университетінде VII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қарағанды медицина университетінде оқу орнының 75 жылдығына орай «Медициналық білім беру 4.0: жаһандық үрдістер мен жергілікті шешімдер» тақырыбында VII Орталық Азия халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Ресей, Еуропа және Батыс Үндістаннан 100-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, шетелдік университеттердің ұстаздары, халықаралық жобалар мен ұйымдардың мүшелері және студенттер, резиденттер болды.
Конференцияның мақсаты - медициналық білім беру саласындағы жаһандық үрдістерді талқылау, Орталық Азия елдері мен халықаралық әріптестер арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ цифрландыру мен денсаулық сақтау жүйесінің трансформациясы жағдайында медициналық кадрларды даярлаудың тиімді жергілікті шешімдерін іздеу. Іс-шара алдында қатысушылар медициналық технологиялар мен жабдықтардың соңғы жетістіктерімен танысты. Көрмеде түрлі симуляторлар, реабилитациядағы виртуалды технологиялар, патологоанатомдарға арналған роботтандырылған тренажерлер, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі білім беру бағдарламалары ұсыныл
Конференцияны ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Муратов ашып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Онда Қарағанды медицина университетінің ұлттық денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі атап өтілді. Мемлекет басшысы оқу орнының мыңдаған білікті маман даярлап, халықаралық деңгейде танылғанын және білім сапасының жоғары стандарттарын сақтап отырғанын атап өтті.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев университеттің өңір символы әрі қазақстандық және халықаралық медицина саласының жетекші мамандарының альма-матері ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, университетті мерейтойымен құттықтады.
"Қарағанды медицина университеті" КеАҚ Басқарма Төрағасының-ректорының міндетін атқарушы Риклефс Виктор Петрович өз сөзінде бұл форум медицина саласының әрі қарай дамуына қуатты серпін беретініне сенім білдірді. Халықаралық сарапшылардың қатысуы жаһандық үрдістерді тереңірек түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтіп, университеттің міндеті - оларды жергілікті жағдайға бейімдеу, заманауи технологияларды, соның ішінде симуляциялық оқыту мен жасанды интеллектіні енгізу, дәрігер даярлаудың негізгі қағидаларын сақтай отырып, жүзеге асыру екенін айтты.
Конференция екі жылда бір рет өткізіледі. Бұл жолы ол университеттің мерейтойымен және халықаралық мұздықтарды сақтау жылының басталуымен тұспа-тұс келді. Тақырып медициналық білім берудегі негізгі трансформация бағыттарын қамтыды.
Іс-шара соңында университеттің университет басшысы барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, олардың конференцияға қосқан үлесін айрықша атап өтті. Спикерлер мен демеушілерге арнайы Алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ, ректор конференцияны басқа университеттерге өткізу эстафетасын ұсынды, бұл маңызды бастаманың жаңа академиялық кеңістіктерде жалғасатынына үміт білдірді.
.png)
Конференциядан фотоматериалдарды жүктеп алу: kgmukz-my.sharepoint.com ;