Жаңалықтар
Қарағанды медицина университетінде бірінші курс студенттерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті
7 October 2025
2025 жылғы 03 қазан күні Қарағанды қаласының Орталық саябағында Қарағанды медицина университетінің дәстүрлі «Студент қатарына қабылдау» салтанатты рәсімі өтті. Биыл университеттің үлкен отбасына 2000-нан астам студент қосылып, өз өмірлерін жауапкершілік пен ізгілікке негізделген медицина саласымен байланыстырды.
.png)
Салтанатты шара ҚМУ гимнімен ашылып, «ҚМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы - Ректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова және академиялық жұмыс жөніндегі проректор Қуатбек Қуанышбекұлы Төлеубеков студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, оқу мен ғылым жолында табыс тіледі.
.png)
Сахна төрінде дәстүрлі түрде студенттік өмірдің символы болып табылатын «Білім кілті» мен «Ғылым граниті» табыс етілді.
Іс-шара барысында мектеп декандары да сөз сөйлеп, бірінші курс студенттерін жаңа оқу кезеңінің басталуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
.png)
Салтанатты сәттердің бірі – болашақ дәрігерлердің ант беру рәсімі болды. Жас студенттер өздерінің адалдығын, жауапкершілігін және ғылым мен білімге деген құрметін білдіріп АНТ қабылдады.
Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Кеш барысында «Жігер» ұлттық домбыра ансамблі орындаған «Попурри» күйі көрерменнің зор ықыласына бөленді. «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблі «Азиз Яр» және «Қара жорға» билері көркемдік үйлесімнің тамаша үлгісін көрсетті. Сондай-ақ, «New Wave» заманауи би ұжымы мен дарынды вокалистердің орындауындағы «Ұнайды маған», «Туған жер», «Жолдар» және «Адреналин» әндері көрерменге ерекше әсер сыйлады.
.png)
.png)
Салтанатты кеш соңында «Самұрық» студенттік республикасының президенті Кантарбаев Зангар студенттерге арнап көңілді байқау мен би кешін ұйымдастырды.
Бұл іс-шара жас түлектер үшін университет өміріндегі алғашқы маңызды қадам болды. Оларға табыс, ізденіс және жаңа белестерді бағындыру жолында зор жетістіктер тілейміз.
Жастармен жұмыс жасау бөлімі.
.png)
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
31.03.2026
Жарияланды:
30.03.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026