Жаңалықтар
Қарағанды медицина университеті “Болашақ медицинасы – 2025” халықаралық олимпиадасында үздіктер қатарында!
5 November 2025
31 қазан мен 3 қараша аралығында Central Asian University (Ташкент, Өзбекстан) базасында «Болашақтың медицинасы» халықаралық медициналық олимпиадасы мен «Антибиотиктерге төзімділік: заманауи сын-қатерлер мен шешімдер» атты ғылыми конференциясы өтті. Іс-шараға 12 елден — Қазақстан, Өзбекстан, Грузия, Чехия, Үндістан, Түркия, Қытай, Тәжікстан, Ресей және басқа мемлекеттерден қатысушылар жиналды.Қарағанды медицина университетінің атынан халықаралық медициналық олимпиадаға Медицина мектебінің 4 және 5 курс студенттері Б.Б. Жумадуллаев, К.И. Байдавлетова, К.О. Ахметова, Р.Е Шортанов, М.А. Мирхамутовадан құралған – ХИКМЕТ тобы және топ кураторы — Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының оқытушысы Е.В. Сапалиди қатысты.
.png)
.png)
Топ олимпиаданың барлық кезеңдерін — BLS (Basic Life Support)-тен бастап клиникалық жағдайларды шешуге дейін — абыроймен еңсеріп, 46 команданың ішінен ТОП-10 үздіктер қатарына енді және Қазақстан Республикасының атынан қатысқан жоғары оқу орындары арасында жетекші орын алды.
Конференция барысында қатысушылар жаһандық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен антибиотиктерді ұтымды пайдалану тақырыптарын талқылап, АҚШ-тың жетекші профессорлары мен Нобель сыйлығының лауреаты Эдвард Мозердің баяндамаларын тыңдады.
Барлық қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар табысталды, сондай-ақ "ҚМУ" КеАҚ ректоры Б.Н. Кошероваға алғыс хат жолданды.
Топты олимпиадаға дайындаудағы еңбегі, жан-жақты қолдауы және кәсіби шеберлігі үшін Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының басшысы Г.С. Кемеловаға ерекше алғыс білдірілді. Сонымен қатар, Қарағанды медицина университетін халықаралық аренада лайықты өнер көрсетуге топты дайындауда жан-жақты қолдау көрсетіп, шабыттандырғаны үшін топтың кураторы Е.В. Сапалидиге ризашылық білдірілді.
Бұл олимпиада студенттер мен жас дәрігерлердің тәжірибе алмасу, кәсіби даму және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
31.03.2026
Жарияланды:
30.03.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026