Жаңалықтар
2024 жылдың 24 қазанында АЕҚ «Қарағанды медицина университеті», АЕҚ «Астана медицина университеті» және «Оңтүстік-Қазақстан медицина академиясы» «Отбасылық медицина» кафедраларының интерндері арасында «Антибактериальді, антивирусты, саңырауқұлаққа қарсы дәрілерге резистенттілік және онымен күрес жолдары» тақырыбында пікірталас клубы өтті. Пікірталас клубында 6015 топ интерні – Бактиер Айгерім «Отбасылық дәрігер жұмысында антибиотиктерге резистенттілік мәселесі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама жетекшісі «Отбасылық медицина» кафедрасының ассисстент-профессоры Батырбекова Лазат Сарсенбаевна. Пікәрталас барысында антибиотиктерді рациональді тағайындау, антибитикке резистенттіліктің даму себебі және оны есепсіз қабылдаудың салдары бойынша ойлар талқыланды. Қатысушылар үлкен қызығушылық пен өздерінің жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетті. Біздің мақсатымыз интерндерді ғылыми зерттеулерге қызығушылықтарын ояту мен болашақ дәрігерлердің клиникалық ойлау қабілетін дамыту.