Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы тәжірибе
2025 жылғы 08.05-16.05 аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қарағанды медицина университетінің 6-курс интерндері - Қадырбекова Әсия Сүлейменқызы және Тимурқызы Қазына - Баку қаласындағы Әзірбайжан медицина университетінің базасында инфекциялық аурулар кафедрасында «Балалық шақтың жұқпалы аурулары» пәні бойынша, сонымен қатар, «Жалпы тәжірибелік дәрігер практикасындағы дерматовенерология» пәні бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты.
Бағдарлама барысында интерндер профессор Юльдыз Ахметованың жетекшілігімен пациенттердің амбулаторлық қабылдауына белсенді түрде қатысты, балалардың инфекциялық аурулары және дерматовенерология саласындағы теориялық және практикалық білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар, интерндер өздерінің кәсіби дағдыларын кеңейтіп, практика алмасып қайтты. Сонымен қатар, жетекші мамандардан құнды тәжірибе мен кәсіби білім алды.
Осы тәжірибе нәтижесінде интерндер балалардың инфекциялық аурулары мен дерматовенерология саласы бойынша білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдыларын жетілдіріп, үлкен кәсіби тәжірибе жинақтады.
Осы орайда, интерндер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқытуға және кәсіби дамуға мүмкіндік бергені үшін Қарағанды және Әзірбайжан медицина университеттерінің халықаралық бөлімдеріне, балалардың инфекциондық және дерматовенерология кафедрасына шынайы алғыстарын білдіреді!