Жаңалықтар

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медициналық университетінде оқудан өтті
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медициналық университетінде оқудан өтті
19 May 2025

ҚМУ-дың бірінші оқу жылындағы психиатр-дәрігер-резиденттері Бондарчук В.В., Бурумбаева К.Б., Тарасенко А.А., Фарвазова Н.М. 2025 жылғы 14–25 сәуір аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медициналық университетінде оқудан өтті.
Психиатрия және психотерапия саласындағы оқыту үдерісіне ену мен қызықты клиникалық талдаулар РязММУ кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Петров Д.С., профессор Володин Б.Ю. және медицина ғылымдарының кандидаты Федотов И.А. тәжірибелі ұстаздардың арқасында мүмкін болды.
Біздің білім алушылар мол теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болып, Ресей жерінің тарихи-мәдени мұраларымен танысты, Мәскеу қаласында және орыс ақыны С.А. Есениннің отаны – Константиново ауылында болды. Көкірек көкжиегінің кеңеюі мен кәсіби дамуы – жас дәрігерлер үшін бұл сапардың басты жетістігі болды.
ҚМУ мен РязММУ арасындағы көпжылдық ынтымақтастық Қазақстан мен Ресейдің екі білім беру мекемесінің достығы мен кәсіби дамуының үлгісі болып табылады.

 

530

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026